фото: Ulysmedia.kz
Танымал әнші Мадина Сәдуақасова ұлының 10 жасқа толуына орай оған үлкен сый жасады – мектеп жанынан жаңа пәтер алып берді.
Өнер иесінің айтуынша, бұл сыйлық баласына ғана емес, отбасына да көптеген қолайлылық әкелген.
«Балаға пәтер сыйласаң, оның 10 жылын жеңілдеткенмен тең. Біз мектепке қарама-қарсы орналасқан үйден пәтер алдық. Енді бұрынғыдай ұзақ кептелісте тұрмаймыз, жай ғана жолдан өтіп мектепке жете аламыз», – деп жазды әнші өзінің Instagram парақшасында.
Мадинаның айтуынша, қазіргі таңда пәтерде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«1 қыркүйекке дейін бәрі дайын болып, жаңа үйден мектепке қатынаймыз деген үміттеміз», – дейді ол.