"Ине мен қағазға жазылған инені тауып алдым":А бай Бегейдің қызы өзін әлдекімдер дуалағанын айтты

"Ине мен қағазға жазылған инені тауып алдым":А бай Бегейдің қызы өзін әлдекімдер дуалағанын айтты

Белгілі әнші Абай Бегейдің қызы, танымал блогер Гүлеркем Ниязқұлова Instagram парақшасында елді алаңдатқан мәлімдеме жасады. Ол өзіне жасалған көреалмаушылық пен дуаның құрбаны болғанын айтып, жан сырын бөлісті. Бұл туралы Skifnews.kz порталы POLITICO.KZ-ке сілтеме жасап хабарлады.

«Камераны қарап түріңді шығарып қоямын»

Блогер соңғы уақытта ерекше жағдайларға тап болып жүргенін айтып, желіде былай деп жазды:

«Көптен бері үнсіз ішімде сақтап жүр едім. Соңғы кезде көреалмаушылықтың сорақысын көріп жатырмын. Қазір камераны қарап түріңді шығарып қоямын. Қорықпай қалай жасадың? Несібе — Алладан! Құдайдың қазынасы көп, саған да, маған да жетеді. Уайымдамай ниетіңді түзе. Саған тиесілі ризық маған кетіп қалмайды, дәл солай маған тиесілі несібе — мың дуалап, ақшаңды құртсаң да ешқашан саған бұйырмайды. Алла әділ!» — деп жазды Гүлеркем.

«Қағазға жазылған жазу мен тебен ине таптым»

Оның айтуынша, өзі тамақтанған мейрамханалардың бірінен оқылған қағаздар табылған. Араға бірнеше күн салып үйінен үйілген шаш пен қағазға жазылған белгісіз мәтін және тігінге қолданылатын тебен ине шыққан.