фото: Фото ашық дереккөзден. Суретте: Нұрбек Оралбай
Парижде өткен 2024 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, әлем чемпионы Нұрбек Оралбай қуанышты жаңалығымен бөлісті. Бұл туралы Sportinside.kz сайты хабарлайды.
Қазақстан бокс құрамасының көшбасшысы Instagram парақшасында өзінің жаңа көлігінің жанында түскен суретін жариялады. Көліктің маркасы – Mercedes-Benz EQE 300 4Matic, неміс автокөлік өнеркәсібінің заманауи, люкс үлгісі.
«Жаңа тұлпарым. Құттықтап қойсаңыздар болады», – деп жазды Нұрбек.
Мамандардың айтуынша, бұл көлік Қазақстан нарығында 34 миллион теңгеден басталады. EQE 300 4Matic – электрмен жүретін заманауи көлік, жайлылығы және экологиялық қауіпсіздігімен ерекшеленеді.
Нұрбек Оралбай кім?
- 2024 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері (Париж);
- 2023 жылғы Әлем чемпионы (Ташкент);
- 2022 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері (Амман).