фото: Фото ашық дереккөзден
Белгілі шоумен, продюсер әрі актер Нұрлан Қоянбаев желіде кезекті қалжыңымен жұрт назарын өзіне аударды. Instagram парақшасында Мальдив аралын сатып алу үшін халықтан 1 380 теңгеден жинамақ ниетін білдіріп, күлкілі үндеу жасады.
«Мальдивте бір кішкентай арал 2-3 миллион доллар тұрады екен. 1000-1280-1380 теңгеден жинап сатып аламыз ба? Тыныш қана әлемдегі бүкіл пайдасы бар бизнесті сатып алу керек», – дейді Қоянбаев видео үндеуінде.
Халық қалжыңды шын қабылдады ма?
Нұрланның бұл сөзі әлеуметтік желі қолданушыларының қызу пікірін тудырды. Әзіл аралас айтылған идеяны желі қолданушылары іліп әкетіп, түрліше реакция білдірді:
«Мен тізім жасайын, кім берді, кім берген жоқ, есебін жариялап отырамын»
«Бастайық, мен 1 миллион тастаймын»
«1 380 теңге қайдан шыққан баға?»
«Нұреке, аралды алып қойып, ақырын ғана ойнатып жатырсыз-ау»