Сенсация: қазақстандық "тентек" теннисші әлемнің үздік спортшысын қапыда қалдырды

Сенсация: қазақстандық "тентек" теннисші әлемнің үздік спортшысын қапыда қалдырды

фото: DIMITAR DILKOFF/AFP via Getty Images. Суретте: Александр Бублик

Қазақстандық теннисші Александр Бублик әлемдік спорт жанкүйерлерін таңғалдырды. Ол Германияның Галле қаласында өтіп жатқан ATP 500 санатындағы турнирдің 1/8 финалында қазіргі әлемнің бірінші ракеткасы – Янник Синнерді жеңіп, ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Бұл матчта Александр Бублик 1:2 (6:3, 3:6, 4:6) есебімен жеңіске жетті. Алғашқы сетте жеңілгенімен, Бублик екінші және үшінші сеттерде тамаша ойын көрсетіп, Синнерге еш мүмкіндік қалдырмады. Осылайша, матчта керемет камбэк жасап, сенсациялық жеңіске қол жеткізді.