фото: pixabay
Түрікменстанда ерекше оқиға тіркелді: той үстінде шақырылмаған "қонақтар" – үйірлі шегірткелер пайда болып, салтанатты кештің шырқын бұзды, деп Sportinside.kz тілшісі Azattyq Rýhy сілтеме жасап хабарлайды.
Не болды?
Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада үйдің ауласында өтіп жатқан тойға кенеттен шегіртке толып кеткені көрініс тапқан. Қаптаған жәндіктер қонақтардың тынышын кетіріп, дастархан басындағы жұртшылыққа ыңғайсыздық тудырған. Кейбірі үстелдің астына тығылып, енді бірі асығыс кетіп жатқанын аңғаруға болады.
Бұл қайда болды?
Алғашында оқиға Өзбекстанның Қарақалпақстандағы Тақтакөпір ауданында болды деп хабарланған. Алайда қызметтік тексерістен кейін бұл мәлімет расталмады.
«Аудан тұрғындарынан ешқандай ресми шағым түспеді. Көрсетілген мекенжайда шегіртке де, той да анықталмады», – деп хабарлады карантин қызметі.
Кейіннен нақты мәліметтерге сүйене отырып, оқиғаның Түрікменстан аумағында болғаны белгілі болды. Бұл ақпарат екі ел арасындағы телефон арқылы расталды.