фото: instagram.com/boxingkazakhstan. Суретте: Фарух Тоқтасынов
Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Фарух Тоқтасынов YouTube-тегі «Спорт Министрі» арнасына берген сұқбатында 8-сыныпта оны спорт мектебінен қалай шығарып жібергенін айтты, деп хабарлайды Sportinside.kz.
«Мен Алматыдағы «Шаңырақ» спорт мектебінде оқыдым. 8-сыныпта сол жаққа түстім, 9-сыныптан соң мектептен шығарып жіберді. Маған хабарласып: «Сені шығарамыз, құжаттарыңды алып кет» деді. Неге екенін сұрасам: «Сенде потенциал жоқ, сенен боксшы шықпайды» деді. Мен тек «жақсы» дедім де, құжаттарымды алып кеттім», – деді Фарух Тоқтасынов.
Сол кезде оның жаттықтырушысы басқа адам болған. Бірақ тағдыр тәлкегіне мойымаған жас спортшы нағыз еңбек пен табандылықтың үлгісін көрсетті. Бүгінде Фарух – 2025 жылғы «Странджа кубогының» күміс жүлдегері, бұл жарыс әлемдік деңгейде «кішкентай әлем чемпионаты» деп есептеледі.
Айта кетейік, финалда ол тәжірибелі әрі титулды қарсылас, ұлттық құраманың лидері Абылайхан Жүсіповке жол берді.