«Тәкаппарлық па?»: Роза Рымбаеваның әрекеті Димаш жанкүйерлерінің ашуын туғызды (видео)

«Тәкаппарлық па?»: Роза Рымбаеваның әрекеті Димаш жанкүйерлерінің ашуын туғызды (видео)

фото: Видеодан скриншот. Суретте: Роза Рымбаева мен Димаш Құдайберген

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева мен әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген арасындағы сахна сыртындағы бір сәт әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, деп  Sportinside.kz тілшісі Azattyq Rýhy.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Желіде тараған видеода Димаш Рымбаеваға жылы лебізін білдіріп, сахнаға бірге шығуды өзіне мәртебе санайтынын айтқан. Алайда Роза Қуанышқызы бұл сөзге: «Қойшы!» – деп жауап бергені көпшіліктің көңілін түсірді.

Не болды?

Бейнежазбада Димаш Құдайберген:

«Сізбен сахнаға шығуымның өзі – мен үшін үлкен мәртебе», – деп Роза апасына ізет көрсетеді.

Алайда Роза Рымбаева бұл мақтауға еш эмоциясыз, сәл ренжіген кейіппен:

«Қойшы», – деп қысқа ғана жауап қайтарған.

Желі қолданушылары не дейді?

Бұл сәт көпшілікке ұнамай, желіде пікірлер қарша жауды:

«Не деген тәкаппарлық! Мақтауға бір ауыз алғыс айтса қайтеді?»

«Димаш – әлем таныған әнші. Роза апайдың мұндай суық жауап бергені көңілге қаяу түсіреді»

«Ұят болды. Бибігүл Төлегенова Димашты құшақтап қарсы алады, ал Роза апайдың бұл әрекеті жараспады»

«Жылы сөздің орнына көңіл суытты. Қарапайымдылық керек бәрімізге»

Бірақ кейбір қолданушылар Роза Қуанышқызының мінезін жақсы білетінін айтып, оны қорғай кетті:

«Ол кісі әрдайым тік сөйлейді. Бұл жерде ерекше ештеңе жоқ»

«Кейде шаршағаннан, эмоциясыз жауап беруі мүмкін. Бір сәтпен бағалау дұрыс емес»