фото: Видеодан скриншот
Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің анасы өзінің келіні Динара Майғазиеваның қолына білезік тақты.
Бұл ерекше сәтті әнші Сәкен Майғазиев Instagram желісіндегі ресми парақшасында бөлісіп, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Бұл ретте желі қолданушылары төмендегідей пікірлерін білдірді:
«Жаным апатай, сізге қарап мейірімге толып кеттім. Анамның иісі келіп тұрғандай… Алла ұзақ ғұмыр берсін!»
«Келін мен ененің арасы сондай жарасымды! Нағыз қазақы тәрбие мен жылулық сезіледі!»
«Сізге қарап жүрек елжірейді, апа. Бақыт деген – ұрпағының ортасында отырып, осылайша гүлдей жайнау!»
«Қандай керемет көрініс! Білезікті тек сән үшін емес, махаббатпен, шексіз құрметпен тақты!»
«Көзіме еріксіз жас келді… Апаңыз сондай нұрлы, анам есіме түсіп кетті...»
«Біздің де келіндеріміз осындай болсын деп Алладан тілеймін. Келінге айтылған жылы сөз – отбасына береке!»
«Динара ханымның әр қимылынан құрмет пен сүйіспеншілік сезіледі. Мұндай көрініс көпке үлгі!»
«Сәкен бауырым, апаңыздың осындай ұзақ ғұмыр кешіп, немере-шөбере ортасында жүргені – өзіңізге де үлкен мәртебе!»