Танымал заңгер әрі адвокат Нұрлан Байғазиевтің қыз-келіншектерге арнаған кеңесі қоғамда кең талқыға түсті.
Заңгер "Қыздар-ай" бағдарламасына қонақ ретінде қатысып, тікелей эфирде:
«Әйел үш жыл бала емізсе, емшегі әдемі болады» – деген пікірімен бөлісті.
Желіде қызу талқы тудырған пікір
Нұрлан Байғазиевтің бұл сөзі қоғамда екіұшты реакция тудырды:
Бір топ көрермен бұл пікірді этикалық шеңберден тыс, әйел қадіріне нұқсан келтіретін, тіпті эфир мәдениетіне сай емес деп бағаласа,
Енді бірі бұл пікірді денсаулыққа қатысты кеңес ретінде қабылдап, еш оғаштық жоқ деген пікір білдірді.