фото: "Қазақстан барысы" баспасөз қызметі. Суретте: Ерасыл Қажыбаев
Қазақстан құрамасы дзюдодан Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан әлем чемпионатындағы жекелей жарыстарда өнер көрсетуін аяқтады. Бұл туралы Sportinside.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Команда сапынан татамиге соңғы болып Ерасыл Қажыбаев (100 келіден жоғары) шықты.
Алғашқы белдесуінде ол Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, әлем чемпионы – оңтүстіккореялық Ким Минджонмен белдесті. Қарсылас кездесуді мерзімінен бұрын жеңіспен аяқтады.
20 маусымда біздің дзюдошылар командалық жарыстарда өнер көрсетеді. Алғашқы кездесу Бразилия құрамасына қарсы өтеді.
#Әлем чемпионаты
#Ерасыл Қажыбаев
#Ерасыл Қажыбаев дзюдо
#Ерасыл Қажыбаев Қазақстан барысы
#Қазақстан барысы