фото: SN.kz
Танымал әнші Тоқтар Серіковтың тұңғыш ұлы – Беколжас Серіков мектепті үздік аяқтап, «Алтын белгі» иегері атанды. Бұл қуанышты жаңалықты әншінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп Sportinside.kz тілшісі Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
"Аллаға шүкір! Тұңғышымыз “Алтын белгі” атанды!"
Жазбада Тоқтар Серіков ұлына «Алтын белгі» табысталып жатқан әсерлі сәттің видеосын жариялап:
"Аллаға шүкір! Тұңғышымыз “Алтын белгі” атанды!" – деп жазды.
Желі қолданушылары: «Бұл – әкесінің тәрбиесі»
Әншінің қуанышты жаңалығы желіде кең қолдау тауып, оқырмандар жүрекжарды лебіздерін арнады:
"Керемет, құтты болсын!"
"Өз балам алғандай қуанып отырмын, алар асулары көп болсын!"
"Әкесі қандай керемет адам, әкесінің тәрбиесі ғой!"
"Жақсы әкенің сөзі балаға 40 жыл азық", – деп пікір қалдырды.