"Мұхит секіріп кетті": Ануарбек Мотиватор өз шындығын айтып, Амантаевты "шыбын" деді (видео)

"Мұхит секіріп кетті": Ануарбек Мотиватор өз шындығын айтып, Амантаевты "шыбын" деді (видео)

фото: Meta-ratings.kz. Суретте: Ануарбек Мотиватор мен Мұхит Амантаев

Белгілі ММА шебері Ануарбек Мотиватор бокс жаттықтырушысы Мұхит Амантаев туралы тосын мәлімдеме жасады. Бұл туралы Sportinside.kz тілшісі хабарлайды.

Ануарбек Мотиватор YouTube желісіндегі ресми парақшасында Мұхит Амантаевтың жекпе-жектен қашқанын айтып, оны балағаттады. 

"Бәрі түсініксіз. Басында Мұхит екеуміз жекпе-жекке шығамыз дедік. Алматыға келдік. Ешкім бастапқыда жекпе-жектен секірмедім. Бірақ ұйымдастырушылар билет өтпей жатыр деп жекпе-жекті тоқтату керек болды дейді. Қыркүйекке қалдырды дейді. Көрейік енді.

Бұл жекпе-жекті қазақ елі күтті. Бірақ Мұхит соңында шаршап кеттім дейді. Мен шаршамадым. Мен қазақ елі үшін шығып төбелесемін", – деді Ануарбек Мотиватор.

Кейіннен Instagram желісінде ол: "Шыбын" деген лақапаты бар Мұхит жекпе-жектен секіріп кетті. Мен шынымды айтамын", – деді.