«Тұрсынбек екінші әйелімен тұрып жатыр»: Мөлдір Мұқанова желідегі қауесеттерге жауап қатты

«Тұрсынбек екінші әйелімен тұрып жатыр»: Мөлдір Мұқанова желідегі қауесеттерге жауап қатты

фото: Фото ашық дереккөзден

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанова әлеуметтік желіде тарап кеткен жеке өміріне қатысты сұрақтарға алғаш рет жауап берді.

Соңғы кездері шоу-бизнес өкілдерінің қатарынан сирек көрінетін ерлі-зайыптылар ел арасында түрлі сыбысқа себеп болды. Желі қолданушылары:

«Ажырасып кетіпті», «Тұрсынбек екінші әйелімен тұрып жатыр екен», «Мөлдір неге жалғыз жүреді?», «Баяғы бақсыларға ұқсап кеткен», – деген сынды пікірлерді жаудырып жатыр.

Алайда Мөлдір Мұқанова бұл әңгімелерге жауап беріп жатпаса да, кей пікірлерге астарлы жауап қайтарды. Мәселен, бір қолданушы: «Әйел ашуланса құлпырады» деп жазғанда, Мөлдір оған қысқа ғана: «Ол – рас» деп жауап берді.