Қазақстанның әйелдер құрамасы Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасының төртінші турынан кейін командалық есепте сегізінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Төрт турдың қорытындысы бойынша қазақстандық шахматшылар 13,5 ұпай жинады. Құрама еншісінде төрт жеңіс пен сегіз тең нәтиже бар.
Көш басында 15 ұпай жинаған АҚШ құрамасы тұр. Одан кейін бірден алты команда 14 ұпайдан жинаған.
Қазақстанның ерлер құрамасы әзірге жалпы есепте 35-орында келеді.
Төртінші турдан кейінгі үздік ондық
- АҚШ – 15 ұпай
- Өзбекстан – 14
- Сербия – 14
- Польша – 14
- Үндістан – 14
- Қытай – 14
- Болгария – 14
- Қазақстан – 13,5
- Әзербайжан – 13
- Германия – 12,5
Қазақстан әйелдер құрамасы Олимпиаданы сәтті бастады. Алғашқы турда Ботсвананы 4:0 есебімен жеңсе, кейін Босния және Герцеговина құрамасынан 3:1 есебімен басым түсті.
Үшінші турда қазақстандық шахматшылар Словенияны 3,5:0,5 есебімен ұтты. Ал төртінші турда Армения құрамасын 3:1 есебімен жеңді.
Самарқандта өтіп жатқан 2026 жылғы шахмат Олимпиадасы 11 турдан тұрады және 27 қыркүйекке дейін жалғасады.