фото: olympic.kz. Суретте: Исхар Құрбаев
Вунгтауда (Вьетнам) күрес түрлерінен жастар арасындағы Азия чемпионаты басталды, деп Sportinside.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Жарыстың алғашқы күнінде қазақстандық «классиктер» алты жүлде жеңіп алды, оның үшеуі – алтын.
Азия чемпионатының жеңімпаздары атанғандар: Исхар Құрбаев (60 келіге дейін), Бағдат Сабаз (67 келіге дейін), Ақжан Ықыласов (77 келіге дейін).
Юсуф Мациев (97 келіге дейін) пен Джохар Узаров (130 келіге дейін) күміс жүлдегер атанды. Ал Диас Қалтай (82 келіге дейін) қола медаль иеленді.