Жұма, 18 қыркүйекте Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында қазақстандық спортшылар үш спорт түрінен сынға түседі. Жарыстардың басталу уақыты Астана уақыты бойынша көрсетілген, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Қазақстанның волейболдан әйелдер құрамасы ширек финалға шығуды мерзімінен бұрын қамтамасыз етті. Топтық кезеңдегі соңғы кездесуін отандастарымыз Қытай құрамасына қарсы өткізеді.
Көгалдағы хоккейден Қазақстан тек әйелдер арасындағы турнирге қатысады. Ұлттық құрама жарысты 18 қыркүйекте бастайды. Жартылай финалға шығу үшін қазақстандық хоккейшілер алты командадан тұратын топта алғашқы екі орынның бірін иеленуі керек.
Сонымен қатар заманауи бессайыстан ерлер арасында жартылай финалдық бәсекелер өтеді. Бір күн бұрын Қазақстанның әйелдер құрамасының үш спортшысы да финалға жолдама алған.
Заманауи бессайыс
Ерлер арасындағы жартылай финал
06:00 – бірінші топ:
Темірлан Әбдірайымов, Тихон Варехин.
11:00 – екінші топ:
Лев Чувашов, Кирилл Стадник.
Волейбол
Әйелдер арасындағы топтық кезең
09:00 – Қазақстан – Қытай, В тобы.
Көгалдағы хоккей
Әйелдер арасындағы топтық кезең
15:00 – Малайзия – Қазақстан, А тобы.
18 қыркүйекте Қазақстан құрамасының қатысуынсыз өтетін жарыстар
Текбол
05:00–06:30 – әйелдер арасындағы топтық кезең;
07:00–07:30 – әйелдер арасындағы ширек финал;
07:30–09:00 – әйелдер жұбы арасындағы топтық кезең;
09:00–14:00 – аралас жұптар арасындағы топтық кезең;
14:30–16:00 – аралас жұптар арасындағы ширек финал және жұбаныш кезеңдері.
Крикет, әйелдер – ширек финал
05:00 – Шри-Ланка – Малайзия;
10:00 – Үндістан – Жапония.
Көгалдағы хоккей, ерлер – топтық кезең
05:00 – Қытай – Оман, В тобы;
07:00 – Оңтүстік Корея – Бангладеш, А тобы.
Көгалдағы хоккей, әйелдер – топтық кезең
09:00 – Оңтүстік Корея – Қытай Тайбэйі, А тобы;
11:00 – Таиланд – Сингапур, В тобы;
13:00 – Жапония – Индонезия, В тобы.
Баскетбол, әйелдер – топтық кезең
06:00 – Оңтүстік Корея – Малайзия, С тобы;
09:00 – Қытай Тайбэйі – Моңғолия, С тобы.
Баскетбол, ерлер – жартылай финал
12:00 – Оңтүстік Корея – Иран;
15:20 – Жапония – Қытай.
Софт-теннис
05:00-ден бастап – ерлер мен әйелдер арасындағы топтық кезең.
Волейбол, әйелдер – топтық кезең
09:00 – Катар – Гонконг, D тобы;
12:00 – Вьетнам – Оңтүстік Корея, D тобы;
12:00 – Моңғолия – Қырғызстан, С тобы;
15:00 – Қытай Тайбэйі – Таиланд, С тобы;
15:20 – Индонезия – Жапония, А тобы.
Футбол, ерлер – топтық кезең
11:30 – Филиппин – Вьетнам, С тобы;
15:00 – Кувейт – Өзбекстан, С тобы;
15:30 – Сауд Арабиясы – Катар, D тобы.