фото: instagram.com/m_besbaev. Суретте: Мейрамбек Бесбаев қызы Кәусармен
Белгілі әнші Мейрамбек Бесбаев тұңғыш қызы Кәусардың мектеп бітіруіне орай Instagram желісінде жүрек тебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Өнер иесі үшін бұл күн тек қызы үшін ғана емес, өзі үшін де ерекше әрі толқынысқа толы болған.
"Бүгін мені әке атандырған тұңғышым, нәзік гүлім Кәусарым мектеп бітірді. Бұл күн мен үшін де ерекше сезімге толы. 11 жыл бойы білім беріп, тәлім-тағылым үйреткен Ш.К.Беркінбаева атындағы Алматы қыздар мектеп-лицей-интернатының ұжымына алғыс айтамын. Түлектердің жолы ашық болсын, үлкен армандары орындалсын!" – деп жазды Мейрамбек.
Мектеп формасындағы кішкентай Кәусардың енді ересек бойжеткенге айналғанын көрген желі қолданушылары таңданыстарын жасырмай, жылы лебіздерін білдірді.
"Кеше ғана партаға отырғызған қызымыз еді", "Уақыт зулап өтіп барады", "Болашағы жарқын болсын!", "Үлкен маман иесі болсын", – деген тілектер қарша жауды.