Астаналық "Барыс" 2026/2027 жылғы Құрлықтық хоккей лигасындағы алғашқы сырт алаң кездесуінде ірі жеңіске жетті. Қазақстандық клуб Тольяттидің "Ладасын" 6:0 есебімен тас-талқан етті, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Кездесудің алғашқы кезеңінде есепті Джейк Масси ашты. Ол 18-минутта Алихан Өмірбеков пен Батырлан Мұратовтың пасынан кейін шайбаны қақпаға дәл бағыттады.
Екінші кезең бастала салысымен Джастин Бэйли есепті 2:0-ге жеткізді. Ал 39-минутта Семен Симонов "Барыстың" үшінші шайбасын соқты.
Үшінші кезеңде астаналықтар қарқынын одан әрі үдетті. Алдымен Иэн Маккошен мергендік танытса, кейін Джастин Бэйли дубль авторы атанды. Матчтың соңғы нүктесін Тайс Томпсон қойып, қорытынды есепті 6:0 етті.
Осылайша "Барыс" маусымдағы төрт кездесуінің үшеуінде жеңіске жетті. Бұған дейін астаналық клуб "Сібірді" 7:1, "Салават Юлаевты" 8:6 есебімен ұтып, "Амурға" 1:3 есебімен жол берген еді.
Келесі кездесуін "Барыс" 18 қыркүйекте Магнитогорскіде жергілікті "Металлургке" қарсы өткізеді.
"Лада" – "Барыс" – 0:6 (0:1, 0:2, 0:3).
Шайба авторлары: Джейк Масси, Джастин Бэйли – 2, Семен Симонов, Иэн Маккошен, Тайс Томпсон.