Қаржаубай Нұрымов өзінің ұлтына қатысты тіл тигізген жандар туралы ашық айтты.
"Менің ата-анам 1986 жылы Қазақстанға көшіп келген. Мен бала кезімнен "оралман", "қандас" дегенді естіп келе жатырмын. Енді келіп, "бір қарақалпақ үшін тоғыз қазақ жігіті сотталып жатыр" деп жатыр. Мысалы, мен елге 4-5 жасымнан келдім. Мен осы уақытқа дейін тілімді, дінімді, елімді жамандаған емеспін. Тіпті маған "Иә, сен, Қаржаубай, биологиялық тұрғыдан қазақсың, бірақ географиялық тұрғыдан қарақалпақсың", деді. Атын айтпай-ақ қояйын, Алла тағала өз жазасын берер. Айтудың қажеті жоқ" – деді Қаржаубай Нұрымов.