2024 жылғы Париж Олимпиадасының чемпионы, дзюдошы Елдос Сметов бокстан спаррингке шықты, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Қазақстанның ең атақты дзюдошыларының бірі өзінің Instagram парақшасында видео жариялап, бокстан спарринг өткізгенін көрсетті. Кадрларда Елдос Сметов қарсыласымен жоғары қарқында жекпе-жек бастап, шамадан тыс белсенділіктің салдарынан өзі құлап қалғаны байқалады. Айта кетерлігі, қарсыласы оған бірде-бір соққы жасамаған.
Еске салсақ, Елдос Сметов соңғы рет татамиге 2024 жылдың 27 шілдесінде Париж Олимпиадасында шығып, алтын медаль жеңіп алған болатын. Кейін спортшы мансабында ұзақ үзіліс жасады. Бұл үзіліс 2025 жылдың маусымында Римде иығына жасалған операциядан кейінгі қалпына келу кезеңімен байланысты болды. Дзюдошы толыққанды жаттығуларға тек 2025 жылдың желтоқсанында қайта оралды.