Күтпеген жаңалық! Елдос Сметов күрделі операциядан өтіп, шұғыл мәлімдеме жасады

Күтпеген жаңалық! Елдос Сметов күрделі операциядан өтіп, шұғыл мәлімдеме жасады

фото: ашық дереккөзден

Париж Олимпиадасынан кейін бірде-бір жарысқа қатыспаған танымал дзюдошы Елдос Сметов өз жағдайына байланысты маңызды жаңалықпен бөлісті, деп хабарлайды Sportinside.kz

Спортшының айтуынша, ол Олимпиададан кейін жарақат алып, ота жасатқан. Қазір қалпына келу кезеңінде жүр

"Олимпиада ойындарынан кейін күресті тоқтатамын деп ресми түрде мәлімдеген жоқпын. Керісінше, алдағы жарыстарда татамиге қайта шығатынымды айттым. Ота жасатып, ем қабылдап жатырмын. Иығым толық жазылған соң, желтоқсанда толыққанды жаттығуға кірісемін. 2026 жылдың ішінде жарыстарға қатысуды жоспарлап отырмын. Бірақ дәл қазір қай турнирде күресетінімді нақты айта алмаймын – бәрі спорттық бабым мен денсаулығымның қалпына келуіне байланысты", – деді ол.