Футбол

"Қайрат" футзал клубының капитанына қатысты күтпеген хабар тарады (ФОТО)

Ахмет Қанатұлы
"Қайрат" футзал клубының капитанына қатысты күтпеген хабар тарады (ФОТО)
Фото: "Қайрат" футзал клубының баспасөз қызметі. Суретте: Біржан Оразов

Қазақстан ұлттық құрамасының футзалшысы Біржан Оразов алматылық "Қайрат" футзал клубы құрамынан кететінін мәлімдеді. Бұл туралы ол Instagram парақшасында айтты, деп хабарлайды Sportinside.kz.

31 жастағы ойыншы маусым аяқталғаннан кейін клубпен қоштасатынын айтты. Оның сөзінше, бұл жаңалықты өзі ресми түрде жариялап, жанкүйерлермен әдемі түрде қоштасқысы келген, алайда ақпарат әлеуметтік желілерде ертерек тарап кеткен.

"Соңғы жаңалықтарға байланысты ресми мәлімдеме жасағым келеді. Мен бұл туралы маусым соңында өзім айтып, жанкүйерлермен лайықты түрде қоштасқым келген еді. Бірақ ақпарат алдын ала тарап кетті. Мен әрқашан жанкүйерлеріме ашық болдым, сол себепті бұл шешімді жеке өзім хабарлауды дұрыс көрдім. Соңғы сегіз жылда "Қайрат" сапында өнер көрсетіп, осы клубтың бір бөлшегі болдым. Маусымды командамен бірге соңына дейін аяқтаймын. Ал алда – жаңа мақсаттар, жаңа команда мен жаңа жеңістер күтіп тұр", – деп жазды футзалшы.

Айта кетейік, Біржан Оразов "Қайрат" клубында 2017 жылдан бері ойнап келеді. Осы уақыт ішінде ол команда құрамында төрт мәрте Қазақстан чемпионы атанды.

Бұған дейін Екі дүркін әлем чемпионы Махмұд Сабырхан мен оның інісі Төрехан Сабырхан жаттығу залында спарринг өткізгендерін жазған едік.

Ахмет Қанатұлы