Екі дүркін әлем чемпионы Махмұд Сабырхан мен оның інісі Төрехан Сабырхан жаттығу залында спарринг өткізді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Екі дүркін әлем чемпионы Махмуұд Сабырхан Instagram парақшасында жаттығудан бейнежазба жариялады. Видеода ағайынды боксшылардың спарринг сәті көрсетілген. Кадрлардан үлкені кішісін рингтің бұрышына тіреп, соққыларды пысықтап жатқанын, ал Төрехан қарсы шабуылмен жауап қайтарып жатқанын көруге болады.
"Қателіктермен жұмыс", – деп жазды боксшы видеоға.
Айта кетейік, қос спортшы да 2026 жылы Моңғолияда өткен Азия чемпионатындағы нәтижелеріне толық қанағаттанбаған. Махмұд Сабырхан 55 келіге дейінгі салмақта жартылай финалда жеңіліп, қола жүлдеге ие болды. Ал 70 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Төрехан Сабырхан финалда ересектер арасындағы алғашқы жеңілісіне ұшырап, күміс медаль иеленді.
Белгілі қазақстандық маман, Saq Pro Team командасының бас бапкері Дәулет Нұрланұлы Сәкен Бибосыновтың ұлттық құрамдағы орнын қайта қайтарып, 2028 жылғы Олимпиадаға қатысу мүмкіндігін бағалаған еді.