Күрес

Жайдарманшы Мансар Орынхан не себепті басшылық қызметке тағайындалды?

Ахмет Қанатұлы
Жайдарманшы Мансар Орынхан не себепті басшылық қызметке тағайындалды?
Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облыстық күрес федерациясының төрағасы Нұрбол Еребаев жайдарманшы, актер Мансар Орынханның жаңа қызметке тағайындалуына байланысты ресми түсініктеме берді, деп Sportinside.kz тілшісі 1bol.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Оның айтуынша, бұл шешім қабылданғанда Мансардың медиа кеңістіктегі ықпалы мен әлеуеті басты назарға алынған. Әсіресе, Instagram желісіндегі жүздеген мың жазылушысы күрес спортына жаңа аудитория тартуға мүмкіндік береді деп есептелген.

"Қазір бұл мәселе қоғамда кең талқыланып жатыр. Облыста шамамен 2 миллион халық бар, ал Мансардың әлеуметтік желідегі парақшасында 850 мыңға жуық оқырман бар. Ол турнирлерді насихаттап, балуандардың өнерін, жаттықтырушылардың пікірін көпшілікке жеткізе алады. Залға ең көп дегенде 5-10 мың адам жиналса, әлеуметтік желі арқылы әлдеқайда кең аудитория қамтылады. Бұл күрес спортының дамуына серпін береді деген ойдамыз", – деді федерация басшысы.

Еске салайық, Мансар Орынхан бұған дейін Түркістан облыстық күрес федерациясының вице-президенті қызметіне тағайындалған. Алайда бұл шешім қоғамда түрлі пікір туғызып, сынға да ұшыраған болатын.

Бұған дейін қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров қуанышты жаңалығын бөліскен еді.

Ахмет Қанатұлы