Даулы интервью жоғалып кетті: Бишімбаев ісіне қатысты видео неге өшіп қалды?

27 сәуір, 2026 / Admin
Жоғарғы сот

Екі жыл бұрын Астанада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевке қатысты сот процесі жүріп жатқан кезде ресейлік блогер, психолог әрі коуч Наталья Грейс сот отырысына қатысқан еді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Кейін оның YouTube арнасында Бишімбаевтың ата-анасымен сұхбат жарияланып, онда олар оқиғаға қатысты өз көзқарастарын білдірген. Әңгіме барысында ұлдарының жеке тұлғасы мен марқұм Салтанат Нүкеновамен қарым-қатынасы да талқыланған.

Бұл видео қоғамда үлкен резонанс тудырып, әлеуметтік желілерде қызу пікірталасқа себеп болды. Кейбір қолданушылар сұхбатты Бишімбаевты ақтауға бағытталған материал ретінде бағалады.

Қазіргі таңда аталған сұхбат Наталья Грейстің YouTube арнасында қолжетімсіз болып қалған. Бұрынғы сілтемелер арқылы өткенде, бейненің жабық немесе шектеулі режимге ауыстырылғаны байқалады.

Әзірге видеоның не себепті өшірілгені нақты белгісіз. Дегенмен оның толық нұсқасы мен үзінділері басқа арналар арқылы интернетте әлі де таралып жүр.

Сондай-ақ бұған дейін Атырау облысында бір отбасының қаза табуына қатысты тергеу барысында жаңа мәліметтер белгілі болған еді.

Тэгтер:

Қуандық Бишімбаев Наталья Грейс