Сүйінші, ағайын! Боксшы Жанқош Тұраров қуанышты жаңалығын жеткізді (ФОТО)

Бүгін, 11:07 / Ахмет Қанатұлы
ашық дереккөзден. Суретте: Жанқош Тұраров пен Клара Иса

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Спортшы Instagram парақшасында жаңа туған қызымен түскен суреттерін жариялаған. Оның айтуынша, сәбиінің дүниеге келу сәтінде өзі де қасында болып, босануға қатысқан.

"Қызым дүниеге келгенде жанында болдым, кейін бірден АҚШ-қа ұшып кеттім. Оны қайта көруді асыға күттім. Сәбидің иісін жәннаттың иісімен салыстыруға болады, оған тоймайсың. Алла қаласа, қырқынан шығатын күн де жақын. Мен үшін ең үлкен бақыт – қыздарым", – деп жазды боксшы.

Сондай-ақ ол осындай қуаныш әрбір отбасына бұйыруын тіледі.

Айта кетейік, Жанқош Тұраров наурыз айының ортасынан бері АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізген. Ол жаттықтырушысымен және Балауса Мұздыманмен бірге Top Rank және ағайынды Варгас залдарында дайындалды.

Жанқош Тұраров пен жұбайы Клара Иса үш қыз тәрбиелеп отыр.

Бұған дейін Жанқош Тұраров Алматыда өткен турнир аясында кәсіпқой рингте кезекті жеңісіне қол жеткізген еді.

Тэгтер:

Бокс Жанқош Тұраров Клара Иса