Жанқош Тұраров қуанышты жаңалығын көпшілікке мәлім етті (ВИДЕО)

Жанқош Тұраров қуанышты жаңалығын көпшілікке мәлім етті (ВИДЕО)

фото: әлеуметтік желіден

Қазақ боксшысы Жанқош Тұраров Алматыда өткен турнир аясында кәсіпқой рингте кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

34 жастағы спортшы Ali Akhmedov Promotion ұйымының алғашқы турниріне қатысты. Бұл дода Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде өтті.

Жанқош Тұраров бірінші жартылай орта салмақтағы (63,5 кг дейін) жекпе-жекте 27 жастағы филиппиндік Али Канегомен кездесті. Рейтингтік кездесу он раундқа жоспарланған.

Жекпе-жектің алғашқы кезеңінде-ақ қазақ боксшысы қарсыласын нокдаунға түсірді. Алайда Канего кездесуді жалғастырып, қарсыласына лайықты қарсылық көрсетті.

Кездесудің нәтижесі бойынша Жанқош Тұраров төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Ол кәсіпқой рингтегі 29 жекпе-жегінің барлығын жеңген.