фото: Сали Сабиров / ҰОК. Суретте: Төрехан Сабырхан
Бүгін, 7 ақпан күні бокстан халықаралық Boxam Elite-2026 турнирінің финалдық жекпе-жектері өтеді. Бұл бәсекеде Қазақстан құрамасының өкілдері де "алтын" жүлде үшін жұдырықтасады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамалары финалда 11 боксшымен бақ сынайды. Оның ішінде екі жекпе-жекте қазақстандық спортшылар өзара кездеседі. Финалдық айқастар Астана уақыты бойынша 19:30-да басталады.
Ерлер
- 50 кг: Санжар Тәшкенбай – Исмаэль Маграуи Фриа (Испания)
- 55 кг: Махмұд Сабырхан – Эллис Троубридж (Англия)
- 70 кг: Төрехан Сабырхан – Дипак (Үндістан)
- 75 кг: Аман Қонысбеков – Акаш (Үндістан)
- 85 кг: Нұрбек Оралбай – Ариан Саид Панах (бейтарап спортшы)
- 90 кг: Сағындық Тоғамбай – Эммануэль Рейес Пла (Испания)
- 90+ кг: Айбек Оралбай – Нұрасыл Асылхан
Әйелдер
- 65 кг: Назерке Серік – Кайла Аллен (Англия)
- 80+ кг: Умида Садыкова – Панар Сейтханқызы
Айта кетейік, Boxam Elite-2026 турнирі 3 ақпанда басталған. Бұл жарыс Қазақстан құрамалары үшін 2026 жылғы алғашқы ресми халықаралық старт болып отыр.