"Бақұл бол!" – Танымал қазақ боксшысының отбасы қара жамылды (ВИДЕО)

"Бақұл бол!" – Танымал қазақ боксшысының отбасы қара жамылды (ВИДЕО)

фото: ашық дереккөзден

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас отбасындағы ауыр қайғыны бастан кешірді. Спортшының атасы дүниеден өтті. Қаралы хабарды боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, жерлеу рәсімінен үзінді жариялады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Ангелинаның айтуынша, марқұм атасы әулеттің берекесін ұстап тұрған, әрдайым жақындарына қамқор болған жан екен.

"Сен біз үшін үнемі алаңдап жүретін едің. Енді сенсіз қаламыз деп қорқамыз. Атам әжеммен 56 жыл бойы тату-тәтті өмір сүрді. Әжем оның соңғы деміне дейін жанынан табылды", – деп жазды спортшы.

Жарияланған бейнежазбадан марқұмның табытына Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы жабылғанын көруге болады.

Айта кетейік, бұған дейін Ангелина Лукас Мысыр астанасы Каирде өтетін жекпе-жекке бару барысында бірқатар қиындықтарға тап болған еді. Виза мәселесі мен кедендік кедергілер салдарынан оның сапары уақытша кідірген. Алайда мәселе шешімін тауып, боксшы Каирдегі жекпе-жекке қатысу мүмкіндігіне ие болды.