Олимпиада жүлдегері Нұрбек Оралбай жаңа салмақтағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Олимпиада жүлдегері Нұрбек Оралбай жаңа салмақтағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

фото: Ben McShane/Sportsfile via Getty Images. Суретте: Нұрбек Оралбай

Қазақ боксшысы Нұрбек Оралбай Испанияның Ла-Нусия қаласында өтіп жатқан Boxam Elite-2026 халықаралық турнирінде алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында Нұрбек Оралбай Украина өкілі Данило Жасанмен жұдырықтасты. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті қазақ боксшысына (3:2) берді. Осылайша Нұрбек Оралбай жартылай финалға жолдама алып, кемінде қола жүлдені өз қоржынына салды.

Айта кетейік, Нұрбек Оралбай – 2024 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері және 2023 жылғы әлем чемпионы (IBA). Ал оның қарсыласы Данило Жасан – World Boxing нұсқасы бойынша 2025 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері.

Бұл турнир Қазақстан ерлер құрамасы үшін жаңа бас бапкер Нұржан Насановтың жетекшілігіндегі алғашқы ресми жарыс болып отыр. Ол бұған дейін бұл қызметті атқарған Қайрат Сәтжановтың орнын басқан. Boxam Elite-2026 халықаралық турнирі 7 ақпан күні мәресіне жетеді.