Футбол аңызы Криштиану Роналду 41 жасқа толды

Футбол аңызы Криштиану Роналду 41 жасқа толды

фото: ашық дереккөзден

Португалия ұлттық құрамасы мен Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубында өнер көрсететін әйгілі шабуылшы Криштиану Роналду 41 жасқа толды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Даңқты футболшы кәсіби мансабында бүгінге дейін 961 гол соққан. Оның 818-і клубтар сапында, ал 143 голы Португалия құрамасы үшін тіркелген.

Роналду әр жылдары Лиссабонның "Спортинг", Англияның "Манчестер Юнайтед", Испанияның "Реал Мадрид", Италияның "Ювентус" және қазіргі "Әл-Наср" клубтарының намысын қорғады. Ең нәтижелі кезеңін мадридтік "Реалда" өткізген ол барлық турнирлерде 438 матчқа қатысып, 450 гол соғып, 131 нәтижелі пас берген.

41 жастағы шабуылшы бес рет "Алтын доп" жүлдесін иеленіп, бес мәрте Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды. Сондай-ақ 2016 жылы Португалия құрамасымен бірге Еуропа чемпионы болды.

Айта кетейік, биыл АҚШ, Канада және Мексикада өтетін әлем чемпионаты Роналду үшін соңғы ірі халықаралық турнир болуы мүмкін.