фото: stan.kz
Көкшетау қаласы әкімінің коммуникация жөніндегі кеңесшісі Айым Тұрапекова өз өмірбаянындағы дау-дамайдан кейін отставкаға кетті. Бұл ақпаратты қала әкімдігі растады.
Биыл маусым айында 26 жастағы Айым Тұрапекова кеңесші болып тағайындалған сәттен бастап әлеуметтік желіде қоғам тарапынан түрлі сұрақтар туындады. Ең басты күмән оның өмірбаянында көрсетілген мәліметке қатысты болды: онда 2015 жылы, яғни небәрі 16 жасында, Қазақстан Премьер-министрі кеңсесінде тағылымдамадан өткен деп жазылған. Бұл факт қоғамда шындыққа жанаспайды деген сынға ұшырады.
Кейіннен өмірбаян мәтіні өзгеріп, алдымен тағылымдама жылы 2019 жыл деп түзетілді, артынша бұл жол мүлде жойылып кеткен.
Дегенмен Айым Тұрапекова бұл тағылымдамадан өткенін жоққа шығармай, құжаттарда тек техникалық сәйкессіздік кеткенін алға тартты.
Алайда даудың өршуіне байланысты ол өз еркімен қызметінен кетуге шешім қабылдаған. Қазіргі уақытта Көкшетау қаласы әкімдігінде кеңесші лауазымы бос тұр.
Айта кетейік, Көкшетау қаласының қазіргі әкімі – Ануар Күмпекеев.