Атырау облысындағы жоғалған отбасы ісі: Балаларға қатысты тың дерек

Атырау облысындағы жоғалған отбасы ісі: Балаларға қатысты тың дерек

фото: ашық дереккөзден

Атырау облысында жоғалған отбасыға қатысты мән-жайды зерттеп жүрген журналист Жанат Молдашова желідегі парақшасында жаңа видео жариялады.

Бұған дейін оқиғаға басты күдіктінің ата-анасының қамқорлығында болған бес бала кеше кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жеткізілген. Осы мәселеге қатысты Махамбет ауданы білім бөлімінің басшысы Венера Қабышова жан-жақты мәліметті айтып берді.

"2026 жылдың 2 ақпан күні полиция департаментінен шұғыл шараларды қолдану жөніндегі ұсыныс-хат келіп түскен. Хатта күдіктінің бес баласын қауіпсіз жерге, яғни мемлекеттің қарауына алу шарасы көрсетілген", – деді Венера Қабышова.

Admin
Admin
Автор