Күтпеген жаңалық! UFC жауынгері Асу Алмабаевқа қатысты сұмдық хабар тарады

Бүгін, 10:13 / Ахмет Қанатұлы
Jeff Bottari/Zuffa LLC via Getty Images. Суретте: Асу Алмабаев

DAR Team командасының бас бапкері Эдуард Базров Sports.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақ файтері Асу Алмабаевтың (23-3) мексикалық Брэндон Мореномен (23-9-2) болатын жекпе-жектен не себепті бас тартқанына қатысты ақпаратты растады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

"Иә, өкінішке қарай, жағымсыз жағдай болды. Спарринг кезінде Асу қолын сындырып алды", – деді маман.

Айта кетейік, Алмабаев пен Морено UFC Fight Night 268 турнирінің басты жекпе-жегінде кездесуі тиіс еді. Турнир 1 наурыз күні Мехико қаласында (Мексика) өтеді деп жоспарланған.

Қазіргі таңда Асу Алмабаев UFC-дің ең жеңіл салмақтағы рейтингінде жетінші орында тұр. Бұған дейін екі дүркін бұрынғы чемпион Брэндон Мореноны жеңу оған титулдық жекпе-жекке бір табан жақындауға мүмкіндік береді деп күтілген еді.

Бұған дейін тағы бір қазақ файтері Шавкат Рахмонов жарақатына байланысты ресми мәлімдеме жасап, тағы бір операция жасатқанын растаған еді.

Тэгтер:

Шавкат Рахмонов Асу Алмабаев файтер Эдуард Базров Асу Алмабаев жарақат