"Бәрі қаза тапты": Шұғыл хабар! Қазақстан шекарасына жақын маңда ұшақ апатқа ұшырады

"Бәрі қаза тапты": Шұғыл хабар! Қазақстан шекарасына жақын маңда ұшақ апатқа ұшырады

фото: ашық дереккөзден

Ресей аумағында, Қазақстан шекарасына таяу жерде оқу-жаттығу ұшағы апатқа ұшырады. Орынбор облысына қарасты Орск қаласының маңында Diamond DA40 үлгісіндегі әуе кемесі құлап, борттағы үш адам түгелдей қаза тапты.

Қайғылы деректі Росавиация ресми түрде растады. Алдын ала мәліметке сәйкес, мерт болғандар – 36 жастағы ұшқыш және 20 мен 21 жастағы екі курсант.

SHOT Telegram-арнасының жазуынша, апатқа ұшақтың ауа ағынынан ажырап, көтергіш күшін жоғалтуы себеп болуы мүмкін. Мамандар мұндай жағдай әуе кемесі техникалық тұрғыдан жарамды болғанның өзінде де туындауы ықтимал екенін айтады.

Сарапшылардың түсіндіруінше, осындай сәтте ұшақ әуеде тұрақтылығын жоғалтып, басқару күрделене түседі, діріл пайда болады. Әдетте мұндай аэродинамикалық жағдай пилоттау қателігімен және төмен биіктікте ұшумен байланысты.

Қазіргі таңда апаттың нақты себептері анықталып жатыр, тиісті тексеру шаралары жүргізілуде.

Admin
Admin
Автор