фото: Ulysmedia.kz
Қаржаубай Нұрымов өзінің інісі Нұрғанат Ғайыпбаевтың өліміне байланысты өз пікірін білдірді.
"Мен Астанадан келген кезімде тергеу жабылды деді. Қол қойдырып алып кеткен. Менің эмоцияға берілгенім – мені желтоқсанда қамағаны болды. Неге мен ақиқатты айта алмаймын? Өлетін адам тоғайға барып, өле қоймайды. Оның үстіне, адам отырған күйінде асылып қалады дегенге мен сенбеймін. Мен ауруханаларда түрлі осындай жағдайларға кездесіп жүрмін. Бірақ мұндайды көрмеппін", – деді Қаржаубай Нұрымов.