Әлеуметтік желідегі белсенді "хакерге" халықаралық іздеу жарияланды

Әлеуметтік желідегі белсенді "хакерге" халықаралық іздеу жарияланды

фото: Arasha.kz коллажы / ЖИ

Әлеуметтік желілерде Атырау облысында із-түзсіз жоғалған отбасының тағдырына қатысты түрлі болжамдарды таратып жүрген, өзін "хакер" деп таныстырған азаматқа халықаралық іздеу жарияланды. Бұл ақпаратты өңірлік полицияның баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Желіде "Атыраулық хакер" деген атпен белгілі ер адам халықаралық іздеуде жүргенін алғаш болып өзі мәлімдеген. Кейін бұл деректі Атырау облыстық полиция департаменті ресми түрде растады.

Құқық қорғау органдарының түсіндіруінше, аталған азаматқа қатысты іздеу шаралары алаяқтық дерегі бойынша жүргізіліп жатыр. Бұл іс Атырау облысында жоғалған отбасыға байланысты қозғалған қылмыстық іспен еш байланысы жоқ.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті қазіргі уақытта шетел аумағында бой тасалап жүр.

Осы жағдайға байланысты «хакер» өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында пікір қалдырып, болып жатқан жайтқа таңданысын білдірген.

"2 500 000 теңге қарыз үшін адамды Интерпол арқылы іздеуге жариялаған жағдайды бұрын-соңды көрмеппін. Іздеу материалдарында бұл сома нақты көрсетілген. Ал бұл ақшаның кімге қарыз екені жөнінде ҰҚК-нің бір қызметкері үйіме келіп, арыз жазуымды сұрады. Бұл не жағдай өзі? Команданы шақыруға тура келді, мәселелерді өз бетімізше шешіп жатырмыз", – деп жазды ол.

Admin
Admin
Автор