фото: Arasha.kz коллажы
Атырау облысында қоғамда кең резонанс тудырған қылмыстық іске байланысты күдікті ретінде аталған Сұлтан Сәрсемәлиевтің әкесі бұл мәселеге алғаш рет пікір білдірді. Qazaq Airan арнасының тілшісі Айдана Мейрамбайқызы Жангелдин ауылына арнайы барып, күдіктінің әкесімен сұхбаттасқанын Arasha.kz хабарлайды.
Сұхбат барысында журналист Сұлтан Сәрсемәлиевтің әпкесіне қатысты әлеуметтік желіде тараған мәліметтерге нақтылау енгізуге тырысқан. Әсіресе, оның Сирияға баруы жөніндегі ақпаратқа тоқталған.
Журналистің "Сіздің қызыңыз, яғни Сұлтанның әпкесі Сирияға барып келген деген сөз бар. Ол жаққа қандай себеппен барған?" деген сұрағына әкесі Самиғолла Сәрсемәліұлы былай деп жауап берді:
"Оны күйеуі алдап алып кеткен дейді. Балаларымен бірге кеткен. Қыдырамыз деп шыққан сияқты. Түркия арқылы барған болуы мүмкін. Кейін ол жақта құжаттарын жойып жіберген екен. Күйеу баламыздың сол жақта қайтыс болғаны айтылады. Қазір бұл тақырыпты қозғамауды жөн көріп отырмыз", – деді ол.