Жәнібек Әлімханұлы болашақ мансабына қатысты ел күтпеген сұмдық хабарды естіді

Жәнібек Әлімханұлы болашақ мансабына қатысты ел күтпеген сұмдық хабарды естіді

фото: Janibek Alimkhanuly team

Америкалық Boxingscene.com порталының журналисі Стивен Эдвардс кәсіби бокстағы допинг жанжалдарына, соның ішінде Жәнібек Әлімханұлы төңірегіндегі жағдайға алаңдаған оқырманның сауалына жауап берді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

"Сен бокстағы шынайы жағдайды ескермей отырсың. Бұл спортта алдау айыпталмайды – тек сол алдаудың үстінен түскен кезде ғана мәселе көтеріледі. Әрине, бәрі басқаша болғанын қалар едік, бірақ дәлелі – салдарында. Ал ол салдар, негізінен, жоқтың қасы", – деді Эдвардс.

Еске салайық, желтоқсан айының басында Жәнібек Әлімханұлы мельдонийге тапсырған допинг-тесттен өте алмаған. Қазірдің өзінде B-пробасы ашылған, алайда оның ресми нәтижесі 19 қаңтарда, спортшының ісі бойынша өтетін тыңдау барысында жарияланбақ.