фото: ашық дереккөзден
Спорт журналисі Ерзат Серғазин Kendala TV YouTube арнасында Өзбекстан бокс құрамасының бас бапкері Тулкин Киличевті Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне лайық кандидат ретінде атады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Журналистің айтуынша, егер Қайрат Сәтжановтың орнына Тулкин Киличев тағайындалса, бұл шешім қоғам үшін түсінікті болар еді.
"Егер Қайрат Сәтжановты Тулкин Киличев алмастырса, бәрі қисынды болар еді. Өзбекстан – әлемдік бокстың грандтарының бірі. Олимпиада ойындарында бес алтын медаль, әлем чемпионатында алты алтын жүлде иеленді. Мұндай жағдайда түсіндірудің де қажеті жоқ: қазіргі таңда әлемдегі ең үздік бапкер Тулкин Киличев Қазақстан құрамасын басқарды дер едік. Оған тиісті жағдай жасалса болды. Ал қазір кім тағайындалып жатыр? Жастар құрамасында да жұмыс істеп көрмеген, тек жеке бапкерлік тәжірибесі бар адам", – деді Ерзат Серғазин.
Айта кетейік, 42 жастағы Тулкин Киличев 2022 жылдан бері Өзбекстанның ерлер бокс құрамасының бас бапкері қызметін атқарып келеді.