фото: kznews.kz коллажы
Атыраудағы резонансты оқиғаның жай-жапсарын анықтау үшін өңірге арнайы барған журналист Жанат Молдашова бұрын көпшілікке беймәлім болған жаңа деректерді жария етті.
Журналист Instagram желісіндегі ресми парақшасында күдіктінің жұбайы Ақбаян Мұқанғалиеваның денсаулық жағдайына қатысты ақпаратпен бөлісті. Оның айтуынша, бұл мәліметтер ресми мекемелер арқылы нақтыланған.
"Полиция аса ауыр қылмысқа күдікті Сұлтан Сәрсемалиев екенін бүгін ғана ресми жариялады. Әйелі Ақбаян Мұқанғалиева психдиспансерде есепте тұр.
Осыған дейін құзырлы органдар Ақбаян Мұқанғалиева мен Сұлтан Сәрсемалиев денсаулығына байланысты еш жерде есепте жоқ деп еді. Бүгін Ақбаянның жүйке ауруына шалдыққанын, есепте тұрғанын Денсаулық сақтау басқармасынан білдім", – деп жазды журналист.
Аталған дерекке қатысты ресми органдар әзірге қосымша түсініктеме берген жоқ.