"Ұлттық құраманың тізгінін ұстады": Бақыт Сәрсекбаевқа қатысты сүйінші хабар шықты

"Ұлттық құраманың тізгінін ұстады": Бақыт Сәрсекбаевқа қатысты сүйінші хабар шықты

фото: Қазақстан бокс федерациясы. Суретте: Нұрзат Оңғарұлы мен Бақыт Сәрсекбаев

Қазақстандық бокс маманы Бақыт Сәрсекбаев Қазақстанның жастар құрамасының аға бапкері қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Sportinside.kz.

Федерация мәліметінше, 2024 жылдың соңында құрылған U-22 жас санатындағы құрама өз жұмысын тоқтатады. Алайда бұл құрамда болған боксшылар дайындықты жалғастырады – олар Қазақстанның ұлттық құрамасының қатарына қосылады.

"Бүгіннен бастап Бақыт Сәрсекбаев Қазақстанның жастар құрамасының бас бапкері қызметін атқарады. Ол бұл лауазымда Максат Бақтыбазаровтың орнын басты", – делінген федерацияның Instagram парақшасындағы хабарламада.

Жарияланымда бапкердің спорттық жолы да еске салынды. Бақыт Абдрахманұлы Сәрсекбаев 1981 жылғы 29 қарашада дүниеге келген. Ол – 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының чемпионы, 2006 жылғы Доха Азия ойындарының чемпионы, үш дүркін Азия чемпионы.

Сондай-ақ Бақыт Сәрсекбаев 2024 жылдың желтоқсан айынан бері U-22 құрамасының аға бапкері қызметін атқарып келгені атап өтілді.

Еске сала кетейік, U-22 командасы негізгі ұлттық құрамаға резерв дайындау мақсатында құрылған болатын. 2025 жылы Шри-Ланканың Коломбо қаласында өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында Бақыт Сәрсекбаевтың жетекшілігімен қазақ боксшылары 22 алтын медаль жеңіп алып, айрықша нәтиже көрсеткен еді.