Қаржаубай Нұрымов журналист Руслан Өтепбайдың YouTube арнасына берген сұқбатында үй мәселесі туралы сұраққа жауап берді.
"Мемлекет тарапынан ешқандай үйлі болғаным жоқ. Алланың бұйырғаны болады. Сол үйіміз өзімізге жеткілікті. Қазір үй сатылымда тұр. Үй сатылған соң, Шерзаттың анасы мен әжесін Алматыға көшірсем деп отырмын. Қоғамнан мен ештеңе сұрамаймын. Дәл осылай қолдап жатқандарына ризамын. Мен ақша сұрамаймын", – деді Қаржаубай Нұрымов.
"Мемлекет тарапынан да, басқа да меценаттар тарапынан да үй алып береміз деген уәделер берілген. Бірақ ешкім үй бермеді", – адвокат Мейірман Шекеев.