фото: kznews.kz коллажы
Атырау облысында қоғам назарын аударған резонансты оқиғаның мән-жайын анықтау үшін өңірге арнайы барған журналист Жанат Молдашова әлеуметтік желідегі парақшасында бейнежазба жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Журналист Instagram желісіндегі ресми аккаунтында күдікті Сұлтан Сәрсемалиев пен оның жұбайы Ақбаян Мұқанғалиева жалдап тұрған үйді көрсетті. Оның айтуынша, ерлі-зайыпты бұл баспанада бір жылдан астам уақыт тұрған.
"Күдікті Сұлтан Сәрсемалиев пен әйелі Ақбаян Мұқанғалиева осы үйді жылдан астам жалдап тұрған. 5 қараша Жангелдин ауылынан Мейрамгүл Қарабалиеваны алып шыққан қыз-күйеу осында келген деген болжам бар", – деп жазды журналист.
Еске сала кетейік, Атырау облыстық полиция департаменті 6 қаңтар күні Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылы тұрғындарының өліміне байланысты күдіктіні ресми түрде іздеуге жариялаған болатын. Қылмысқа күдікті ретінде отбасының 29 жастағы күйеу баласы – Атырау облысы Махамбет ауданының тұрғыны Сұлтан Сәрсемалиев аталды.