фото: olympic.kz
Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасында бас бапкер ауысты. Бір жарым жылға жуық уақыт бойы құрама тізгінін ұстаған Қайрат Сәтжановтың орнына оның көмекшісі Нұржан Насанов тағайындалды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Жаңа бас бапкер Нұржан Насанов 1975 жылы дүниеге келген. Ол – екі дүркін әлем чемпионы Санжар Тәшкенбайдың жеке бапкері. Насанов 2024 жылдан бері Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлік штабында еңбек етіп келеді.
Ал Қайрат Сәтжанов ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен денсаулығына байланысты кеткені хабарланды.
Айта кетейік, Нұржан Насановтың жетекшілігімен Қазақстан құрамасы биыл өтетін Азия чемпионатына және Азия ойындарына қатысады. Бұл тағайындау ұлттық бокс құрамасының алдағы жарыстар алдындағы дайындығында жаңа кезеңнің басталғанын білдіреді.