«Димаштың анасы берген сыйдан кейін»: ұзақ жылдар сәбилі бола алмай жүрген жұп көпбалалы атанды

«Димаштың анасы берген сыйдан кейін»: ұзақ жылдар сәбилі бола алмай жүрген жұп көпбалалы атанды

Қазақ эстрадасының танымал жұбы Мирас пен Құралай отбасы құрып, бірнеше жыл бойы сәби сүюді армандаған. Алайда бұл арманға жету оңай болмаған. Дәрігерлердің «сіздер ешқашан ата-ана бола алмайсыздар» деген суық диагнозы жас отбасының жүрегін ауыртты. Бірақ олар үмітін үзбеді. Сахна мен сахна арасындағы өнерлі өмір жолында олар өздеріне сенімді болып, әрбір жақсылықтан үміт күтті.

Сол бір қиын шақтарда Мирас пен Құралайға қолдау көрсеткен отбасылық достары — Қанат пен Света Айтбаевтар. Айтбаевтар отбасы Димаш Құдайбергеннен кейін қызды болып, есімін Раушан деп қояды. Әдеттегі қазақы ырым бойынша, Раушанның иткөйлегін қиындық көріп жүрген жас жұбайларға сыйға тартады. Бұл сый, шын мәнінде, жүректен шыққан ерекше тілекпен бірге берілген.

Жұлдызды жұп бұл сыйлықты ырымдап, үлкен құрметпен қабылдайды. Көп ұзамай, алғашқы сәби дүниеге келіп, артынан іле-шала тағы да үш бала өмірге келеді. Қазір Мирас пен Құралай – төрт баланың ата-анасы.

– Біз ырымшыл халықпыз ғой. Света Айтбаеваның берген иткөйлегі мен шын жүректен жасаған сыйы – біздің отбасымызға үлкен береке алып келді. Құдайға шүкір, қазір төрт перзентіміз бар. Жастарға айтарымыз – үміт үзбеңдер. Сенім мен дұға – бәрінен күшті, – дейді Құралай.