фото: ашық дереккөзден
Атырауда із-түзсіз жоғалған отбасының жай-жапсарын анықтау үшін ауыл-аймақтан ақпарат жинауға барған журналист Жанат Жақсыбайқызы әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа видео жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Журналист Instagram желісіндегі ресми аккаунтында бөліскен видеода белгісіз бір азаматтың түнгі уақытта хабарласып, кейбір мәліметтерді жарияламауды өтінгенін айтқан.
"Өзбекстаннан хабарласып тұрмын дейді. Түсінгенім бұл адамға менің бүгінгі жариялаған ақпараттарым ұнамай қалған сияқты. Даусын танитындар болса, жұмыс телефоныма хабарласыңыздар", – деп жазды журналист.