фото: ANP via Getty Images. Суретте: Бақтиер Зайнутдинов
Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов әлем футболының алпауыт клубы – мадридтік «Реалға» ауысуы мүмкін. Бұл туралы Sportinside.kz хабарлайды.
Испаниялық A Bila басылымының мәліметінше, «Бешикташ» пен «Реал Мадрид» арасында қорғаушы Фран Гарсияға байланысты трансферлік келіссөздер жүріп жатыр. Алайда түрік клубы ойыншыны тек сатып алғысы келмей, бұл келісімге қазақстандық Зайнутдиновті қосып, ауыспалы схема бойынша жүзеге асыруды жоспарлап отыр.
«Бешикташ Фран Гарсияны алғысы келеді. Бірақ келісімді арзандату мақсатында Бақтиер Зайнутдиновты да мәмілеге қосу мүмкіндігі қарастырылып жатыр», – делінген дереккөз мәліметінде.
27 жастағы Зайнутдинов – Қазақстан құрамасының негізгі ойыншысы. Ол бұған дейін Ресейдің «Ростов» және ЦСКА клубтарында өнер көрсеткен. 2023 жылдан бері түріктің әйгілі «Бешикташ» клубының намысын қорғап жүр.