"Некеде бола тұра Жанелмен жүріп кеткен": Еркеш Хасен жайлы ел естімеген сұмдық дерек шықты (ФОТО)

"Некеде бола тұра Жанелмен жүріп кеткен": Еркеш Хасен жайлы ел естімеген сұмдық дерек шықты (ФОТО)

фото: madeniportal.kz

Танымал "Айгөлек" бағдарламасының бұрынғы жүргізушісі, әнші Еркеш Хасенге қатысты әлеуметтік желіде дау тудырған мәлімет тарады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Желіде өзін әншінің бұрынғы жары Әйгерімнің жақын құрбысы ретінде таныстырған Сандуғаш есімді қолданушы Еркеш Хасеннің отбасына опасыздық жасағанын жазған. Оның айтуынша, әнші ресми некеде бола тұра Жанель есімді бойжеткенмен қарым-қатынас орнатып, отбасынан алыстап кеткен.

Жазбада Айгерімнің бұл жағдайды өте ауыр қабылдағаны, көп қиналып, көз жасын төккені айтылады. Автордың сөзінше, Әйгерім отбасын сақтап қалу үшін барынша тырысқанымен, нәтиже болмаған. Тіпті, оның еңбегімен жөндеуден өткен пәтерде кейін Еркеш пен Жанель бірге тұрғаны да айтылған.

Сондай-ақ әлеуметтік желіде Еркеш Хасеннің Жанель Серғазиннен тағы бір қызы бар деген ақпарат та тараған. Жазба авторы бұл жағдайдың Айгерімге қатты соққы болғанын, баласының әкесін сағынып, іздеген сәттері болғанын да атап өткен.

Айта кетерлігі, бұл жазбаны жариялаған Сандуғаш есімді қолданушы кейіннен өз жазбасын әлеуметтік желіден өшіріп тастаған. Қазіргі таңда тараптардың ешқайсысы бұл ақпаратқа ресми пікір білдірген жоқ.

Admin
Admin
Автор